Елордалық тәртіп сақшылары 19 мас жүргізушіні анықтады

Елордалық тәртіп сақшылары тәулік бойы елорданың көшелері мен қоғамдық орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауды және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "Мас жүргізуші - қылмыскер" жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу мақсатында сағат 03.40 шамасында "Лада" маркалы автомашинаны тоқтатты. Көлікті 29 жастағы жігіт басқарған және одан алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдығы анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс жүргізу шешімін сот қабылдайды. Автомашина коммуналдық тұраққа қойылды.

Жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйінде басқарған 19 адамды анықтады, оның ішінде біреуі көлік басқару құқығынан айырылған және мас күйінде жүргізген азамат.

Астана қаласының Полиция департаменті автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауды, көлік жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде жүргізушілерге көлік жүргізбеуді ескертеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aikyn.kz
Өзгелердің жаңалығы