Елордалық спортшылар «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясын қолдады
Бүгін ел Астанасындағы мемлекеттік рәміздер алаңында қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жалпы ұлттық мереке Республика күніне арналған челенджді қолдау мақсатында бейнеролик түсірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордалық спортшылар «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясын қолдау мақсатында, "Қазақстан республикам менің" атты өлең шумақтарын оқып, Атырау қаласының белсенді спортшыларына челенджді жолдады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңға өзгеріс енгізіп, 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгіледі. Біз, Астана қаласының спортшылары Республика күнің жаңа ұлттық мереке ретінде «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясын қолдау мақсатында Атырау қаласының спортшыларына осы челенджді жолдаймыз, -дейді олимпиада чемпионы Серік Сапиев.
#РеспубликаКүні #ДеньРеспублики хэштегтерін қолдана отырып, видеолар азаматтардың жеке парақшаларында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі мемлекеттік және ведомстволық бағынысты мекемелердің парақшаларында жарияланады дейді ұйымдастырушылар.
Бейнероликтер патриоттық сезімді, елорда тұрғындарының бірлігін нығайтуға арналған және 25 қазан күнің ұлттық мереке ретінде Республика күніне құрмет көрсетудің көрінісі болып табылады. Шараға елорда тұрғындарының барлығы үн қоса алады. Акция Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен өтті.