26 Желтоқсан 2024 2024, 02:28
Фото: видеодан кадр
Елордалық құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Елордалық құтқарушылар өрт кезінде 2 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Елордалық құтқарушылар өрт кезінде 2 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, қаладағы Нұра ауданының Лесная көшесінде жеке тұрғын үйдің шатыры жанған.
Өрт 50 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. ТЖМ қызметкерлері өрттен 2 газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарып жарылыстың алдын алды. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу қажет.