Елордалық құтқарушылар су айдындарында рейдтік іс-шаралар жүргізуде
Шомылу маусымы кезінде елорда акваторияларында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Астана қаласы ТЖД қызметкерлері еріктілермен және қоғамдық құтқарушылармен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының мәлімдеуінше, шара барысында халыққа жадынамалар мен брошюралар тарата отырып, су айдындарында қауіпсіздік қағидалары жеткізіледі.
ТЖД су айдындарының арнайы бөлінген және санкцияланған учаскелерінде ғана шомылуды, сондай-ақ мас күйінде шомылмауды және балаларды ересектердің қарауынсыз судың жанында қалдырмауды қатаң түрде ұсынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздегі алғашқы ақылы жол ерекше рекорд орнатты
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы