Елордалық құтқарушылар мұзға шықпауға шақырады
Жаңа жылдық мерекелер кезінде елордада ауа райы -2-ден +1 градусқа дейін жылынады, бұл мұздың күрт еруіне және қалыңдығының төмендеуіне әкеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құтқарушылар астаналықтарға ескерту жасап, су айдындарына барудан бас тартуды сұрайды.
Желтоқсан айының соңына қарай ауа температурасының жоғарылауы мұздың еруіне және оның жұқаруына әсер етеді.
Осыған байланысты, мұзда болған кезде күтпеген және төтенше жағдайларды болдырмау үшін Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда акваторияларының мұз бетінде қандай да бір бұқаралық спорттық іс-шараларды, ойындарды, сырғанауларды өткізуден бас тартуды ұсынады.
Мұзда қауіпсіз болудың негізгі шарты оның қалыңдығының қоса берілген жүктемеге сәйкестігі: бір адам үшін – кемінде 10 сантиметр, ал бұқаралық спорттық, мерекелік іс-шараларды және автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін кемінде 25 сантиметр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай облысында психикалық дертке шалдыққандар көлік жүргізген
Келесі жаңалық
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы