Елордалық құтқарушылар суға шомылу орындарында рейд жүргізіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есіл өзенінің акваториясында 5 бекет жұмыс істейді, онда ТЖ департаментінің қызметкерлері, ОӨАЖҚЖ құтқарушылары мен жергілікті полиция қызметі адамдардың суға кетуіне жол бермеу мақсатында рейдтер мен патрульдеу жүргізеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бекеттер Ақбұлақ өзенінің ағысында, Шұбар шағын ауданында, құю платинасында, қарттар үйі ауданында, «Газмашаппаратура» саяжайында және Нұра-Есіл каналында орналасқан.
Олардың орналасу орны кездейсоқ қойылған жоқ, шомылу маусымы басталғалы бері тыйым салынған жерлерде шомылғысы келетін адамдардың саны азаймай тұр.
ТЖД қызметкерлері рұқсат етілмеген 15 шомылу орнына демалыс күндері рейд жүргізеді.
Сонымен қатар, Байқоңыр ауданының әкімдігі Ақмола облысы Целиноград ауданының шектес аумағында орналасқан «Қоянды» жағажай аумағын, Нұр-Сұлтан қаласына жататын аумақтың бөлігін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алу үшін Департамент қызметкерлері 23 рейд өткізді, 90 тыйым салу белгісі, 15 ақпараттық стенд орнатылды.
Сонымен қатар, суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін сағат 12:00-ден 21:00-ге дейін суда құтқару станциясында полиция қызметкерлері кезекшілік етеді, олар құтқарушылармен бірге сағат сайын Есіл өзенін патрульдейді.