Елордалық полиция қызметкерлері терроризмге қарсы дайындық бойынша жиын өткізді

Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері террористік тұрғыдан осал объектілерге жататын жеке білім беру объектілерінің басшыларымен терроризмге қарсы дайындық бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы ҚР заңнамасының нормалары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабына сәйкес олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметінің иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары, субъектілері терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті:

1) тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, объектілерді оларға қойылатын талаптарға сәйкес қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтандыру;

2) үлгілік паспорт негізінде ТТО объектісінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеу;

3) ТТО объектілерінің қызметкерімен олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыру;

4) терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтармен қатысу арқылы жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы