Елордалық полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырады

Елордалық полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда қиын жағдай туындауы мүмкін екенін ескертеміз. Көлік құралын басқару күрделене түседі, яғни апаттар ықтималдығы артады. Қала жолдарында және жекелеген учаскелерінде, атап айтқанда жол өткелдерінде, айналма жолда көру мүмкіндігінің шектелетінін ескеру қажет, көктайғақ болуы мүмкін. Астана - Щучинск бағыты бойынша тас жол ауа райына байланысты жабылатынын хабарлаймыз. Құрметті жүргізушілер, жол ережелерін сақтаңыздар, жолда өте мұқият және сақ болыңыздар. Жылдамдық режимін, қашықтықты сақтап, жол белгілерінің талаптарын орындау қажет. Жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде көліктің тежегіш мүмкіндігі ылғалды және тайғақ жолда ұлғаятынын ескеру қажет, - деп атап өтті полицияда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы