Елордалық полицейлер Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Полиция департаментінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Театр оркестрі ардагерлерге арнап ән шырқап, полиция қызметкерлері жылы лебіздерін білдірді, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.  

"Жеңіс күні – ерекше және көптен күткен мереке. Ұлы Отан соғысының ардагерлері өздеріне лайықты құттықтауларды қабылдауда, өйткені сол кісілердің ерліктерінің арқасында аспанымыз ашық және бейбіт күнде өмір сүріп жатырмыз", - деді полицейлер.

Елордалық департаменттің қамқорлығында бүгінде 5 ардагер, 1 Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген,14 тыл еңбеккері және 12 Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлері бар.


Департаменттің мұражайында Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне арналған көрме өтті.

Сонымен қатар, ардагерлерге салтанатты дастархан жайылды және концерттік бағдарлама ұсынылды. Полиция қызметкерлері мен Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыка-драма театрының оркестрі қонақтарға арнап ән шырқады және жастық шақтарындағы маршты орындады.

"Отан қорғаушылар күнінің әкелеріміз және аталарымыздың қайтпас ерліктерінің арқасында келген мереке Жеңіс күні қарсаңында мерекеленуі құптарлықтай", - деді ведомствода.



Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Кишкентаев құттықтап сөз сөйледі.

Департамент бастығының орынбасары Рустам Шарибаев барлығын келе жатқан меркелерімен құттықтады және мықты денсаулық, әрі ұзақ ғұмыр тіледі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы