Елордалық полицейлер терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша семинар өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері терроризмге қарсы семинар өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
1 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшыларының қатысуымен семинар өткізілді, онда Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қызметкерлері тарапынан терроризмге қарсы қорғалу бойынша әдістемелер ұсынылды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнамасы, терроризм актісі қатері кезіндегі іс-қимылдар және профилактикалық іс-шаралар мен төтенше жағдайларда іс-қимылдарды ұйымдастыруға көмек көрсету егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сондай-ақ, терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратылған жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша құқыққа қарсы іс-әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің бары атап айтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы