Елордалық полицейлер синтетикалық есірткі тасушылардың жолын кесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимі кезінде қалада құқықтық тәртіпті бұзуға жол бермеу мақсатында жеркілікті-рейдтік тексерістер жүргізуде.

Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Петров көшесінің бойында 23 жасар күдікті ұсталды, жеке тінту жүргізу барысында полицейлер күдіктіден ішінде есірткі заты бар 29 дана түйіншекті анықтап, тәркілеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткіні өткізуші «тауарды» өзінің жеке интернет дүкені арқылы халық көп жиналатын орындарға қойып кету жолымен өткізген. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында ұсталған адам полиция қызметкерлеріне жасырын орындарды көрсетіп, аталған орындардан ішінде есірткі заты бар  «қалташалар» тәркіленген.

Өзінің қылмыстық әрекетімен күдікті 5 интернет дүкенді құрып, оған басшылық еткен және сол арқылы синтетикалық есірткіні таратқан.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстінң 97-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша айып тағылды, мүлкін тәркілей отырып 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы