Елордалық полицейлер емтихансыз-ақ жүргізуші куәлігін беретін алаяқты ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда емтихан тапсырмай жүргізуші куәлігін алуға көмек көрсететін алаяқтардың азаматтарды алдау жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғынын алдап, 60 мың теңгеcін иемденген 27 жастағы қыз ұсталды. Ол ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген.
Тәртіп сақшылары күдіктіні құрықтады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда құрғақ шөп өртенді
Келесі жаңалық
Ерлан Қарин: 2025 жыл еліміз үшін табысты болды
Өзгелердің жаңалығы