Елордалық полицейлер азаматтардың кезекті жиынын өткізді

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Сарыарқа" ауданының ПБ бастығы полиция полковнигі Дулат Жұмағұловтың басшылығымен полиция қызметкерлері "Қорғалжын" саябағында "Көктал - 2"тұрғын үй алабының тұрғындарымен азаматтардың жиынын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ кездесуге "Сарыарқа" ауданы әкімінің орынбасары Әлібек Ахимбеков, полиция бөлімінің бастығы Қадыр Малғаздаров, ЖПҚБ бастығы Арнұр Маханов қатысты. 

Аталған кездесуде азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары қаралды, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау және аудан тұрғындарының күндізгі және түнгі уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. Жаңа оқу жылының қарсаңында және

«Назар аударыңыз-балалар!»  жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер әкімдікпен бірлесіп жол белгілері тексеріліп, қосымша жаяу жүргіншілер өткелдерін салу және қосымша бағдаршамдар орнату туралы мәселе қаралып жатқанын айтты. Ата-аналарға үйден тыс жерде кәмелетке толмаған балалардың жүріп-тұруын бақылау және жол қозғалысы ережелері мен жол қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндіру әңгімелерін өткізу ұсынылды. 

Өз кезегінде аудан тұрғындары түнгі уақытта тәртіп сақшыларын патрульдеуді күшейтуді сұрады.

Полиция департаменті азаматтарға өз мүлкіне сақ болуға, ЖҚЕ қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзбауға және белсенді азаматтық ұстаным танытуға кеңес береді, - деп қорытындылады Полиция басқармасының бастығы Дулат Уәлиханұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы