Елордалық полицейлер автобустардың техникалық жағдайын тексеріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан полицейлері автобустардың техникалық жағдайын тексеруде, деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қалалық автобустардың жолға шығар алдында олардың техникалық жағдайы мен жол қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңсыз қайта жабдықталуы және жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуіне тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған техниканың болуы және жұмысқа жарамдылығы тексерілді. Жүргізушілермен қажет болған жағдайда бұл жабдықты міндетті түрде пайдалану туралы әңгіме жүргізілді.
Сонымен қатар қалалық автобустарды пайдалану ережелерін, оларды желіге шығару тәртібін бұзудың 10-нан астам фактісі анықталып, автобус парктерінің жүргізушілері мен бес басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында қатты ыстық болады
Өзгелердің жаңалығы