Елордалық полицей қоян-қолтық ұрыстан өткен біріншілікте үздік атанды

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында қоян-қолтық ұрыстан тартысты жекпе-жек өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарысқа Қарулы күштер мен күш құрылымдарының ең мықты спортшылары қатысты. Сайыс Қорғаныс министрлігі мен Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының қолдауымен өтті. Турнирге 160-тан астам атақты спортшылар қатысты.

Олардың қатарында Астана қаласы ПД ЖҚАЖ аға инспекторы полиция капитаны Асхат Жылысбеков бар. 

Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер арасындағы жеке біріншілікте бірінші орын алып, үздік атанды.

Асхат Жылысбеков кикбоксингтен спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Ол әлемнің екі дүркін жүлдегері (Германия - 2019 жыл, Ресей-2021 жыл), Азия чемпионы (Қырғызстан-2019), қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2015, 2016, 2019 жылдар).

Қоян-қолтық ұрыста дене бітімнің шеберлігін, батылдықты, тактикалық дайындықты көрсетуі керек. Қызметте сіз кез-келген әрекетке психикалық және физикалық тұрғыдан дайын болуыңыз керек. Бастысы - жинақталған тәжірибені сыни жағдайда қолдана білу, - деді Асхат Жылысбеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Рудныйда құбыр жарылды
Өзгелердің жаңалығы