Елордалық полицей бокстан Польшада өткен халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді

Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Польшаның Гливице қаласында өткен халықаралық турнирде бақ сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыс ағымдағы жылдың 4-11 қыркүйек аралығында өтті. Еліміздің намысын ең үздік 12 спортшы қорғап, Қазақстан құрамасына 11 жүлде әкелді. 

Олардың арасында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің «Байқоңыр» аудандық ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Ләззат Күнгейбаева да бар. Ол 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді.

Спортшы өзінің алғашқы алтынын 2010 жылы Қазақстан чемпионатында алып, содан бері сүйікті спорт түрімен айналысуды тоқтатпай, «он дүркін чемпион» атағына қол жеткізді.

Сонымен қатар, Ләззат Күнгейбаева Азия чемпионатының екі дүркін финалисті және 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 2016 жылғы әлем чемпионы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы