Елордалық ПД: Былтыр 50-ге жуық зорлау фактісі тіркелді
Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаментінің жеке тұлғалар ісі қылмыстарын тергеу бөлімінің бастығы Ержан Құрақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сонымен қатар Полиция департаментінің өкілі қылмыстық әрекеттер көп жағдайда қай уақытта және қайда жасалатынына тоқталды.
Талдау жүргізу нәтижелері көрсеткендей, қылмыстардың негізгі бөлігі кешкі және түнгі уақытта алкогольдік масаю күйінде жасалатыны белгілі болды. Айтарлықтай бөлігін жалдамалы тұрғын үйде тұратын отбасылық қатынастар негізінде ішімдік тұтыну барысында туындаған жағдайлар құрайды. Осыған байланысты, отбасылық-тұрмыстық сексуалдық сипаттық зорлық-зомбылық әрекеттеріне күрес жүргізу қажеттілігін ескере отырып, осы қылмыс түрлеріне жауаптылық бірнеше рет күшейтілді, - деп атап өтті бөлім басшысы.
Айтуынша, тергеуші әйел мамандар істі тергеуге тартылуда.
Оның ішінде 2021 жылдан бастап кәмелетке толмаған адамдарға қатысты жасалған сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстар да қамтылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы мен ІІМ тапсырмасымен әйелдерге және кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылыққа қарсы қылмыстарды тергеу бойынша тергеуші әйел мамандығы енгізілді. Осы тәжірибені енгізу аталған қылмыс санатындағы тергеу тиімділігіне оң нәтиже берді. Жүктеме бойынша бір әйел тергеушіге 1-2 істен келеді. Мәселен, былтыр 120-бап («Зорлау») бойынша 49 факт тіркелді. Әр бөлімдегі 10 тергеушінің екі-үшеуі әйел мамандар, - деді Ержан Құрақбаев.