Елордалық пара жүзуші Сиязбек елге оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елорданың халықаралық әуежайында жүзуші Далиев Сиязбекті салтанатты түрде қарсы алу шарасы өтті.

Спортшы Португалияда өткен пара жүзуден әлем чемпионатына қатысып, жүлделі  үшінші орынды иеленді.

Салтанатты күтіп алу шарасына Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, елордалық мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы және БАҚ өкілдері, сондай-ақ спортшының отбасы келді.

Елордалық спортшы Сиязбек Далиев ыстық ықыласпен және құттықтаулармен қарсы алған жанкүйерлеріне рақметін білдірді.

Өзімнің еліме, Қазақстаныма медаль алып келгеніме қуаныштымын. Бұл біздің ортақ жеңісіміз! Қолдауларыңыз бен жылы лебіздеріңізге көп рақмет, – деп өз әсерімен бөлісті Сиязбек.

Еске алсақ, 12-18 маусым аралығында Португалияда пара жүзуден Әлем Чемпионаты өтті. Жарысқа 60 елден 509 атлет сыңға түсті.

Осылайша, елордалық пара жүзуші 50 м қашықтықты баттерфляй әдісімен  36,32 секундта жүзіп өтіп, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы