Елордалық пара-каратэшілер әлем чемпионатында топ жарды

Қазанның 25 мен 30 аралығында Италияның Бергамо қаласында пара-каратэден әлем чемпионаты өтті. Оған 16 мемлекеттің спортшылары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ел намысын елордалық Ляззат Жусупова мен Дидар Мухамеджанов қорғады. Спортшылар «Ката» дисципилинасында лайықты өнер көрсетіп, жарыста жеңіске жетті.

1 орын - Ляззат Жусупова (көру қабілеті зақымданған спортшылар санаты);

1 орын – Дидар Мухамеджанов (тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар санаты).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы