Елордалық өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Астанада өрт сөндірушілер өрттен 2 оттегі баллонын алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, елордалық гарнизонның диспетчеріне Байқоңыр ауданындағы Үшқоңыр көшесі бойындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында орналасқан объектінің өрттеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Шақырту орнына дереу бағытталған өрт есептортары бөлек тұрған бір қабатты дүкеннің шатыры мен төбе жабындыларының жанып жатқанын анықтады. Қатты жел себебінен өрт көрші тұрған үйге көшу қаупі төніп тұрды. ТЖД күшімен өртке оранған құрылыстан кез келген сәтте өрт сөндірушінің қолында жарылуы мүмкін 2 оттегі баллоны шығарылды, - деп атап өтті ведомстводан.

Өрт 50 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы