Елордалық өрт сөндірушілер екі адамды құтқарды

Астана қаласында Қарасай батыр көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, пәтерде үй заттары мен жиһаздар өртенген.

Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілер қарт әйел мен ер адамды құтқарып, одан әрі тексеру үшін 103 бригадасына тапсырды. Өрт сөндірілді, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 19 адамы және 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы