Елордалық өрт сөндірушілер әйел адамды құтқарды

7 наурызда елордадалық өрт сөндірушілер Тұран даңғылы 46/4 мекенжайында орналасқан тұрғын үй кешенінің бесінші қабатындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пәтерде үй заттары мен жиһаздар өртенген. Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен құтқару маскасы арқылы 1996 ж.т.әйел адам құтқарылды.

Оқиға орнында Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 25 жуық адамы және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы