Елордалық мәслихат депутаттары Тәуелсіздік күніне орай құттықтау челленджін бастады

Елордалық мәслихат депутаттары қазақстандықтарды еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаған бейнероликтер топтамасын жазды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана мәслихатының депутаттары қол жеткізген жетістіктері үшін алғыс білдіріп, елімізге одан әрі өркендеу тіледі.

Үндеулерде халықтың бірлігіне, бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығына, сондай-ақ Қазақстанның одан әрі дамуы үшін тәуелсіздікке ерекше назар аударылды.

"Жылдар өте келе, бүгінде біз өз еңбегі мен бірлігімен жарқын болашақты құратын халқымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз. Тәуелсіздік – бұл еркін болу құқығы ғана емес, болашақ ұрпақ үшін үлкен жауапкершілік. Осы ұлы құндылықты сақтау әрі ұлықтау – біздің ортақ міндетіміз", - деді қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.

Челленджді жалғастыру үшін эстафета Қазақстанның басқа облыстарындағы депутаттарға жолданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы