Елордалық ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Ж. Пралиеваның шешімімен елордалық ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕ АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Ж. Пралиеваның шешімімен елордалық ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет"МК" КЕ АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚКО-лар қызмет алушыларды жұмыс күндері 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО сенбі күні қосымша 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Жаңа жұмыс уақытына байланысты ХҚКО-ға кезекті 16.30-ға дейін (авто ХҚКО-ға сенбі күні 15.30-ға дейін) брондау қажет, - делінген хабарламада.
Қызмет алушылар ХҚКО-ға келуін egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік қашықтық және бетперде тәртібі қатаң сақталған. Алайда, қызмет алушылар өздерін жайсыз сезініп немесе сырқат белгілерін байқаса, ХҚКО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз.
Қызмет алушы азаматтар арнайы медициналық бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет.
- Ақтөбелік әйелдің TikTok-тағы видеосы дауға қалды: Сот шешімі шықты 15:19
- Несие алатындар үшін маңызды өзгерістер: Тоқаевқа қаржы нарығы бойынша есеп берілді 15:04
- Бес метр биіктіктен құлаған: Науқастың бас сүйегінің бір бөлігіне 3D-протез салынды 15:03
- Ауыл шаруашылығы дақылдарынан 6,3 млн тоннадан астам өнім жиналды 14:45
- Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй аукционға шығарылды 14:33
- Елімізде 13,5 млн тонна астық бастырылды 14:25
- Қазақстанда кітапхана саласын цифрландыратын LABA платформасы іске қосылды 14:10