Елордалық гимнастшылар Азия чемпионатынан олжалы оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңғы рейспен Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 17-ші Азия чемпионатында өз өнерлерін көрсеткен елордалық бұрымдыларды жанкүйерлері мен жақындары күтіп алды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 23 маусымында Паттайя (Таиланд) қаласында ересектер арасындағы 11-ші Азия чемпионаты және көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы 17-ші Азия чемпионаты өткен болатын.  

Қыздардың жетістіктері мен алдағы жарыстары туралы Нұр-Сұлтан қаласының Көркем гимнастика федерациясының атқарушы директоры Жанат Мейрамұлы бөлісті.

Қорытындылай келе, көркем гимнастика бойынша ҚР бас жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлия Юсупованың басшылығымен біздің бұрымдылар әр түрлі деңгей бойынша жалпы 13 медальге ие болды. Оның алтауы алтын, бесеуі күміс және екеуі қола медаль. Алдағы жоспар тамыз айында бізде бірнеше ірі жарыстарға шақырту алдық.  Яғни,  қыздарымыз көркем гимнастикадан тамыз айында Түркияда өтетін Ислам ынтымақтастық ойындарына қатысады және Румынияда өтетін Әлем кубогына баруға жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, қыркүйекте Болгарияда өтетін әлем чемпионатына да шақырту бар,- деді қалалық көркем гимнастиканың атқарушы директоры Жанат Мусин.

Аталған жарыста 17 елдің шеберлі қыздары жеке біріншілік және топтық жаттығуларда өнерлерін ортаға салды. Олар: Қазақстан, Таиланд, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркіменстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея, Қытай, Малайзия, Шри-Ланка, Үндістан, Сингапур, Филиппин және Гонконг.

Қазақстан құрамасы атынан шыққан бұрымды гимнасшыларымыз бәсекені сәтті аяқтады.

Командалық біріншілікте ересек қыздар Өзбекстан құрамасынан  ұтылып, күміске қол жеткізді. Үшінші орында Жапония құрамасы.

Жеке көпсайыста Айбота Ертайқызы (жаттықтырушы Е.Панченко) төртінші орынды иеленсе, Эльжан Таниева (жаттықтырушы А. Юсупова) жетінші орынды иеленді. Бағдарламаның осы түрінде алтын және күміс медаль Өзбекстан құрамасының қыздарында, ал қола медаль қытайлық гимнастшыға бұйырды.

Қазақстан Республикасы құрамасы топтық жаттығуларда Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Инна Быстрованың жетекшілігімен Өзбекстан (2 орын) және Жапония (3 орын) құрамаларынан озып, бағдарламаның жекелеген түрлерінің финалында алтынды еншіледі. Команда сапында Сагина Мұратқызы, Айдана Шаяхметова, Айсұлу Мырзағалиева, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай, Рената Жолдинова өнер көрсетті.

Азия чемпионатының соңғы күні спортшылар жеке бағдарламаның жекелеген түрлерінің (шеңбер, доп, клуб, лента) финалында төрт медаль жиынтығын ойнады. Біздің Эльжан Таниева айқын басымдылықпен  клубтық жаттығуда күміс және ленталық жаттығуда алтын медаль жеңіп алды. Айта кету керек, Эльжананың өнері мен өзіне деген сенімділігі артып, 
құрлықтық біріншіліктің жеке бағдарламасында барлық қалған төрт алтын медаль жеңіп алған Азияның абсолютті чемпионы-2022 Тахмина Икромованың  (Өзбекстан) сахынаға шығуына мүмкіндік бермеді.

Осылайша  Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыста алтын, жеке бағдарлама мен доп тебуде алтын, құрсау, шоқпар және лентада үш күміс, топ ойыншылары көпсайыста және топта екі алтын, ал доппен жаттығуда  қоланы жеңіп алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы