Елордалық емханаларда балаларға арналған толық chek-up өткізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда да МСАК ұйымдарында кешенді медициналық тексеру жүргізілетін 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ашық есік күндері басталды. Іс-шара Балалар жылы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Ашық есік күні 22 мамырға дейін жалғасады. Chek-up бағдарламасы балалар бейінінің дәрігерлерінен: педиатр, невропатолог, эндокринолог, кардиолог, ревматолог, стоматолог және т. б. қабылдауды және тексеруді қамтиды.

Сондай-ақ балаларға скрининг жүргізу қарастырылған, атап айтқанда аудиологиялық, психофизикалық және офтальмологиялық. Қажет болған жағдайда кішкентай пациенттердің ата-аналары психолог пен әлеуметтік қызметкерден кеңес ала алады, олар да шара аясында қабылданады. Көрсетілімдер болған жағдайда жалпы клиникалық зерттеулер, УДЗ, ЭКГ, КТ және МРТ жүргізілетін болады.

Мамандардың қабылдау кестесіне қатысты өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізден нақтылау немесе толық ақпаратты емхананың тіркеу орнынан алу қажет.

Бұл іс-шара Қазақстандағы балалар жылын жүзеге асыру аясында өткізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы