Елордалық дәрігерлер үш жастағы қыздың миынан үлкен ісікті алып тастады

Елордада Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері үш жасар қызға өте күрделі операция жасап, ірі мөлшердегі ісікті алып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ата-ана ісіктің алғашқы белгілерін сәбидің қатты мазасыздануы, тәбеттің төмендеуі, құсу және бас ауруынан кейін байқаған. Қыздың анасы Астана қаласындағы № 2 қалалық ауруханаға өз бетінше жүгінген. Онда кішкентай науқасқа мидың КТ жүргізілді және мишық аяқшаларына таралуымен хиазма-селлярлық аймақтың көлемді түзілуін анықтады.

Баланың жай-күйінің ауырлығын және эндо-супра-инфра латероселлярлы өсуімен, сол жақ қарыншаға өнуімен, үшінші қарыншаға пролабациямен, ортаңғы бас сүйек шұңқырына, ми бағанасының қысылуымен және деформациясымен екі жақтағы көпір-мишық бұрышына таралуымен алып ісіктің локализациясын ескере отырып, дәрігерлер консилиумында баланы хирургиялық емдеу үшін Ұлттық нейрохирургия орталығына емделуге жатқызу туралы шешім қабылданған.

Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігерлері нейронавигациялық жүйені қолдана отырып, мидың алып ісігін алып тастау үшін микрохирургиялық операция жасады. Операцияның күрделілігі баланың миының жартысына жуығын алып жатқан мидың функционалды маңызды аймақтарында орналасқан ісіктің жеткілікті үлкен мөлшерінде болды (6,0*6,5*7,1). Ауру ағымына және хирургиялық араласуға байланысты асқынулар мен салдарлар: сөйлеу, қозғалыс бұзылыстары, есту, тыныс алу, жүрек-қантамырлары жүйесі, геморрагиялық және ишемиялық инсульт болуы мүмкін еді, - делінген хабарламада.

Операцияны 15 жылдан астам тәжірибелік жұмыс өтілі бар өз саласының мамандары жасаны белгілі болды. Атап айтқанда: жоғары біліктілік санатындағы нейрохирург дәрігері, Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, «ҰНО» АҚ профессоры – Ғабит Өленбай және нейрохирург дәрігері – Әлібек Жарасов, анестезиолог-реаниматолог дәрігер Болатбек Жұбаниязов. Операция МӘМС аясында квоталық негізде өтті.

Операция сәтті жасалды. Қазір сәби өзін жақсы сезінеді, денсаулық жағдайы жақсаруымен, емдеудің келесі кезеңінен өту үшін Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына ауыстырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық нейрохирургия орталығының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы