Елордалық дәрігерлер ми ісігіне қарсы ерекше дәрі ойлап тапты

ҚР ПІБ МОА Ядролық медицина орталығының мамандары 11С-метионин (көміртек-метионин) радиофармацевтикалық препаратын ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11С-метионинмен жасалынатын ПЭТ/КТ зерттеуі ми ісіктерінің шекараларын (көлемін) анықтауда инвазивті емес диагностикалық әдістердің арасында ең дәлі болып саналады әрі «алтын стандарт» ретінде танылған. Енді позитронды-эмиссиялық томографияны (ПЭТ) қолдану арқылы мидың глиомаларын (ісіктерін) бастапқы диагностикалау және емдеу барысында патологиялық процестің дамуын динамикалық бақылау мүмкін болып отыр.

11С-метионин – ісіктерді диагностикалау үшін позитронды-эмиссиялық компьютерлік томографияда қолданылатын радиоактивті аминқышқыл. Метионин ағзадағы ақуыздардың синтезінде және энергия өндіруде маңызды рөл атқаратын аминқышқыл болып табылады. Алайда сау ми жасушалары радиоактивті 11С-метионинді аз жинауға бейім. Обыр клеткалары керісінше, өсуі мен көбеюіне байланысты жаңа ақуыздардың өндіруіне қатысып, 11С өзіне метионинді белсенді түрде жинайды. 11С-метионин радиоактивті амин қышқылының сау және ісік тіндерінде дифференциалды жинақталуы арқылы ісік шекараларын нақты анықтау – бұл әдістің басты артықшылығы.

Бүгінгі таңда ҚР ПІБ МО ауруханасының Ядролық медицина орталығында ПЭТ/КТ зерттеулеріне 5 радиофармацевтикалық препарат қолданылады және Қазақстан халқының денсаулығын сақтау мақсатында басқа да препараттарды тәжірбиеге енгізу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ПІБ Медицина орталығы
Өзгелердің жаңалығы