Енді елордалық дәрігерлер бейнебайланыс арқылы тегін кеңес береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді медицина мамандары Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына бейнебайланыс арқылы тегін консультация бере алады.
Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова хабарлады.
Жүйеге елорданың 19 медициналық мекемесі қосылды және де егер сіз жүйеге қосылған емханаға тіркелген болсаңыз, сізге консультация онлайн түрде беріледі, - делінген хабарламада.
Консультация алу үшін Дамумед (Damumed) қосымшасында дәрігердің қабылдауына жазылу керек. Сізге консультация көрсететін дәрігер профилінің жанында "бейне" деген белгі болады. Қабылдау уақытыңыз келгенде, сізге онлайн-консультация көрсетіледі.
Жүйеге қосылған медициналық мекемелердің тізімі:
№ 1 қалалық емхана;
№ 2 қалалық емхана;
№ 3 қалалық емхана;
№ 4 қалалық емхана;
№ 5 қалалық емхана;
№ 6 қалалық емхана;
№ 7 қалалық емхана;
№ 8 қалалық емхана;
№ 9 қалалық емхана;
№ 10 қалалық емхана;
№ 11 қалалық емхана;
№ 12 қалалық емхана;
№ 13 қалалық емхана;
№ 15 қалалық емхана;
"Достық" отбасылық денсаулық орталығы;
"Sana Vita clinic" ЖШС-і;
"№ 5 отбасылық денсаулық орталығы" ЖШС-і;
"Салауатты Астана" ЖШС-і "City" медициналық орталығы" ЖШС.