Экология министрі бастаған топ елордалық баулардың бірін тазартып, ағаш отырғызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Министр бастаған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымы Дүниежүзілік тазалық күнін ағаш егу жəне саябақтарды тазалау арқылы атап өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Акцияға сондай-ақ еріктілер мен экобелсенділер, түрлі компаниялардың қызметкерлері, студенттер жəне басқалар қатысты.


"Сенбіде Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған министрлік ұжымы астананың бауларының бірін жинастырып, ағаш отырғызды. Барлығы сенбілікке астанада 6,8 мың адам қатысып, 38 саябақ тазаланды, 108 ағаш көшеті отырғызылып, полигонға 13,3 тонна қоқыс шығарылды", - делінген хабарламада.

Дүниежүзілік тазалық күні (World Сlean Up Day 2019) 21 қыркүйекте аталып өтеді. Бастама Эстонияда 2008 жылы басталып, 50 мың адам бірнеше сағат ішінде үлкен аумақты қоқыстан тазартып шыққан. Бұл идеяны басқа елдер де жалғастырып, бүгінгі күні жаһандық акцияға түрлі есептеуге қарағанда, 150-ден астам ел, 18 млн.-ға дейін адам қатысады.

А.ж. 21 қыркүйекте полигонға 13,2  тонна (7 тасымал) қоқыс тасылды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы