Елордалық ауыр атлетші Едіге Емберді рекордты жаңартты

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бүкіл әлемді өзіне қаратқан жерлесіміз Едіге әлемдік спорт тарихына өз есімін жазып үлгерді.

Айта кетейік, 11-18 маусым күндері  Леон қаласында (Мексика) 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер және қыздар арасында ауыр атлетикадан Әлем Чемпионаты өткен болатын. Жарысқа әлем бойынша 39 елден 200 ден астам палуан қатысты. Оның ішінде, еліміздің намысын 9 бірдей спортшы қорғады.

Аталған байрақты бәсекеде 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен елордалық Едіге - қос жаттығу қорытындысы бойынша 306 (134+172) келіні ырқыны көндіріп, Әлем чемпионатының рекордын жаңартты (серпе көтеру).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы