Елордалық ата-әжелер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жұмысына атсалысты

Астанада волонтер ата-әжелер 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастыру жұмыстарына атсалысып жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көшпенділер ойынына тартылған волонтерлер арасында Нұра ауданы бойынша БҰӨСО-ның 20-ға жуық ерікті ата-әжелер де бар.

«Күміс еріктілер» клубының әжелері елімізде өтіп жатқан тарихи оқиғаға белсене атсалып, «Ұлы дала дүбірі» көшпенділер ойынының қонақтарын қарсы алу жұмысын ұйымдастыруда.

Ерікті ата-әжелер таңғы сағат 10-нан бастап белгіленген нысандарда ішкі тәртіп жұмыстарын жүргізуде. Этноауылдағы көрермендер мен қала қонақтарына ойынның бағдарламасы мен нысандардың орналасуы бойынша анықтамалық көмектер көрсетіп, қоғамдық тәртіптің сақталуына өз үлестерін қосуда.

Ерікті Ләззат Дүйсебайқызы бастаған «Күміс еріктілер» клубы Ресей мен Бразилиядан келген еріктілермен бірлесіп, 36 нысанның аумағында қызмет көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы