Елордалық ағайынды боксшылар Париж Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды

Астана қаласының спортшысы Нұрбек Оралбай Италиядағы турнирге әдемі нүкте қойды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшымыз шешуші айқаста ирландиялық Кейлин Кессидимен жұдырықтасты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қажетті ара-қашықтықты дәл ұстанған Нұрбек ирландиялық қарсыласынан мықтылығын көрсетті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті қазақстандыққа беріп, Оралбайдың қолын көтерді.

Осылайша дәл қазір Қазақстан боксшыларының еншісінде Париж Олимпиадасының жеті лицензиясы бар. Ал оның екеуін Астана қаласының былғары қолғап шеберлері алған болатын.

Атап айтқанда, ерлер арасында аса ауыр салмақтағы (92 кг) Айбек Оралбай мен оның сыңары 80 келідегі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы