Елордалықтар коронавирусты қай жерден жұқтыратыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты. 

Оның айтуынша, елордада СOVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі жақсармай тұрған көрінеді.

Елорданың бас санитарлық дәрігері соңғы 19 күн ішінде ғана 1,5 мыңнан астам коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелгенін алға тартты.

Қазір індет жұқтырудың ошақтары базарлар, сауда үйлері, қоғамдық көлік, мейрамханалар, кафе, барлар, еңбек ұжымдары мен адамдар көп жиналатын саябақ және демалыс орындары болып отыр, - деді Сархат Бейсенова.
Деректер келтіретін болсақ, базарларда вирус жұқтыру 7%-дан 15%-ға, сауда нысандарында – 19%-дан 24%-ға, кеңселерде – 13%-дан 28%-ға, саябақтар мен демалыс орындарында 15%-дан 18%-ға артқан.
Сонымен қатар 0,8%-дан 7%-ға дейін науқастар үйлену той сынды отбасылық шараларға бару арқылы ауырып қалған. Науқастардың 8%-ы қоғамдық көлікпен жиі жүретін болып шықты, - дейді санитарлық дәрігер.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айының екінші онкүндігінен бастап аса контагиозды «дельта» штамының таралуы себепті бас қалада эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Маусым-шілде айларында жыл басынан бері барлық сырқаттанушының 55%-ы тіркелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы