Елордалық кітапханаларға қанша ақша бөлінеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы барысында қалалық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Санат Шапашов хабарлады. Оның айтуынша, елорда халқы үшін бүгінгі таңда 18 кітапхана жұмыс істеп тұр.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 18 кітапхана халыққа қызмет көрсетіп отыр. Мекемелердің штаттық кестесі 126 адамды құрайды. Мекемелердің 2021 жылға арналған бюджеті 258 млн теңгеге тең, - деді Санат Шапашов.
Сондай-ақ 1 қазандағы жағдай бойынша елордалық кітапханалардың кітап қоры 736 118 дана кітапқа жетсе, оқырмандар саны – 70 857. Кітап беру көрсеткіші 1 072 726-ны көрсеткен.
Айта кететін жайт, №15 және Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының базасында қала жастарына арнап коворкинг-орталықтар ашылды, - деп атап өтті басқарма басшысының міндетін атқарушы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жануарларға қамқорлық. Заң жобасына түзетулер енгізілді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы