Елордалық спортшылар қарттар үйінің аналарын мерекемен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аналарға гүл шоқтары мен сыйлық табыстап, азық-түлік таратты.



Біздің спортшылар үнемі қайырымдылық іс-шаралардың басынан табылады. Бүгін олар біздің қымбатты аналарымызға, әжелерімізге, ардагерлерімізге мерекелік көңіл-күй сыйлауға келді. Алдағы таңда да біз қашанда көмек көрсетуге дайынбыз, - деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев.


Қарттар үйінің 83 жастағы әжесі Айғаныс спортшыларға алғыс айтып, батасын берді.


Біз әжемізден бата алғанымызға өте қуаныштымыз. Барлық ана мен әжені мерекемен құттықтаймыз, - деді муай-тайдан әлем чемпионы Алмаз Сәрсембеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы