Елордалық өрт сөндірушілер қураған шөптен шыққан өртті ауыздықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тілсіз жау шамамен 1000 шаршы метрді қамтыған, деп хабарлады елордалық ТЖД баспасөз қызметі.


Сағат 15:30-да Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бөлімшесі Сарыарқа ауданы, Бақтыбай ақын көшесі, 7 мекен жайына барды. Оқиға орнына жеткен кезде қураған шөптің өртке оранғаны анықталды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 21 адам және 4 техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 18:01-де ауыздықталды. Өрт шамамен 1000 шаршы метрді қамтыған, - делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы