Елордалық оқушыларға екпе салынатын орындар аталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов оқушыларды коронавирусқа қарсы вакциналау қай жерде жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Депутаттар қалада жасөспірімдерді вакциналау туралы ата-аналарды ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыс басталғанын хабарлады. Осыған байланысты олар балаларды мектептерде емес, қала емханаларында егуді сұрады.
Бұл процедураны орындау үшін ата-аналардың келісімі керек. Сондай-ақ баланы ата-анасы ертіп келуі қажет. Бірінші кезеңде біз міндетті түрде тек емханада вакциналаймыз, өйткені вакцина жаңа, – деді елордалық ДСБ басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы