Елордалық құтқарушылар демалыс күндері 5 адамды құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мерекелік демалыс күндерімен бірге ыстық ауа райы да байқалды. Мереке және демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Тек осы демалыс күндері құтқарушылар суда екі адамды және Қараөткел көпірінде үш жасөспірімді құтқарды деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
5 шілде күні кешкісін елордалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақыртуға шықты, олардың келуі бойынша өзеннің ортасында мас күйінде өзеннің арғы жағына өтуге тырысқан әйелді көрді. Құтқарушылар әйел құтқарып, қайыққа отырғызған.
Екінші құтқару бүгін, 6 шілдеде, патрульдеу кезінде құтқарушылар көмек сұраған ер адамды байқады. Жедел әрекет ете отырып, құтқарушылар суға секіріп, құтқару шеңберінің көмегімен жас адамды құтқарды.
Тағы бір ерекше оқиға 5 шілдеде болды, келіп түскен хабарлама бойынша құтқарушылар шақыру орнына 4 минуттан кейін келді, онда «Қараөткел» көпірінің доғасының жоғарғы жағында күн батқанда үш жас адам болған. Келіссөздерден кейін құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтар арқылы адамдарды қауіпсіз жерге түсіруге кірісті.
Елордалық құтқарушылардың жедел, сауатты және кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында судағы екі адам және үш жасөспірім құтқарылды.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекті рет азаматтарға су қоймаларында болған кезде мыналар тыйым салынатынын ескертеді:
- алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға және суға түсуге;
- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге; - тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу; - жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан тыс жүзу; - жүзуге арналмаған заттармен жүзуге; - балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге; Құрметті ата-аналар, балаларыңызға мұқият болыңыз! Оларды қараусыз және бақылаусыз қалдырмаңыздар! Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыздар!