Елордалық ҚХА мұқтаж жандарға азық-түлік таратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың этномәдени бірлестіктері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Алғыс марафоны» акциясы барысында халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы осындай қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады. Алғыс айту күні қарсаңында Қазақстан халқына, отбасына, ата-аналарына, көршілеріне алғыс білдіруге бағытталған іс-шаралар өткізіледі. «Мұқтаж адамдарға көмектес» акциясы жалғызбасты адамдарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға, көпбалалы отбасыларға жасалады. Мұндай акциялар Ассамблеяның ауқымды іс-шараларды ғана емес, қайырымдылық іс-шараларды да өткізетіндігін көрсетеді, – деді Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы этносаралық қатынастар бөлімінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Галина Кобзева.
Ассамблея еріктілері әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 70 азық-түлік қорапшасын таратты. Азық-түлік қорабына күріш, ұн, қант, макарон, кондитерлік өнімдер, жеке гигиена заттары кіреді. Бұл акцияның демеушілері – меценаттар, ҚХА Кәсіпкерлер кеңесінің өкілдері.
Азық-түлік қорабын тасымалдауға 150-ден астам адам қатысты, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жастар қанаты, еріктілер мен меценаттар болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда жанармай бекетіне шабуыл жасағандар ұсталды
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы