Елордалық iKomek109 орталығы ПИК-тен МИБ-ке ауысуға қалай көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда ПИК-тен МИБ-ке (мүлік иелерінің бірлестігі) көшу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қазіргі уақытта қалада 400-ден астам МИБ бар. Орталықтандырылған кеңес беру және МИБ нысанына көшу үшін елорда әкімдігі «iQamal» қауымдастығына бірыңғай алаң – Iqamal МИБ-інің орталығын (өзін-өзі реттейтін ұйым, http://iqamal.kz/) тұрғын үй саласында қызмет көрсету бойынша бірыңғай ғимаратта орналасқан (Республика даңғылы, 32).
Осылайша, ай сайын орталыққа 350-ге жуық өтініш түседі. Ашылған сәттен бастап орталыққа тұрғындардан 4,5 мың өтініш келіп түсті. Iqamal орталығы қала тұрғындарына МИБ жұмысын ашуда (МИБ тіркелгенге дейін) және одан әрі жүргізуде (МИБ тіркелгеннен кейін) жан-жақты көмек көрсетеді.
Сонымен қатар, Орталық дауыс беруді қағазсыз форматта өткізуге мүмкіндік беретін тегін онлайн-платформаны енгізді. Сол сияқты тұрғындарға қоңырау шалудың жаңа жүйесі жұмыс істейді. IKomek109 қала тұрғынына МИБ-ке ауысу, оның жұмысы жөніндегі жағдайды түсіндіреді. Жүйе қала тұрғындарын ақпараттандыруда тиімді.
Әрбір үй шаруашылығы үшін МИБ құру - үй қаражатының қалай жұмсалғанын бақылап отыру мүмкіндігі, оны бірінші кезекте түзету қажет және т.б. МИБ-тер тұрғындарға төрағаны, үй кеңесін және тексеру комиссиясын өздері таңдауға мүмкіндік береді. Басты артықшылығы - тұрғындар ақшаны бақылай алады. Мысалы, тұрғын үй кешенін дамыту, жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру және т.б. туралы шешім қабылдау.