Елордалық әскери комиссариатқа қосымша ғимарат бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов әскери комиссариатқа қосымша ғимарат бөлуді тапсырды.
Бұл туралы қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Қалалық әскери комиссариат қызметкерлері 70 жыл бұрын салынған ғимаратта жұмыс істейді. Бұл мекеменің аумағы әскери міндеттілердің шақыру комиссиясы кезінде қаншалықты тығыз орналасқанын айтпағанда, қызметкерлердің өздері үшін де жеткіліксіз. Сонымен қатар медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі бар. Бүгін қалалық құрама пунктінің (әскери комиссариат) қызметкерлерімен кездесіп, медперсоналмен сөйлестім. Қосымша ғимарат бөлуді тапсырдым. Бұл еңбек жағдайын едәуір жақсартады. Сондай-ақ қажетті медициналық жабдықтарды сатып аламыз. Осылайша мекемені толығымен жабдықтаймыз, – деп жазды Алтай Көлгінов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елшілік өкілдері Киркенесте қазақстандық жауынгерлерді еске алды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы