Елордалықтар дәрігерлерді қолдау акциясын ұйымдастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтардың ұйымшылдығы арқасында еріктілер күн сайын елорда ауруханаларына 250-300 дәрігерге ыстық тамақ жеткізеді деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Шара 24 маусымда басталған –тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне түскен жүктеме туралы естіп, ақша жинап, екі емханаға түскі ас жеткізіп тұруға шешім қабылдады.Мұндай ерікті қозғалыс аяқ астынан, әлдекім елорда ауруханаларының бірінде жағдай ауыр болғандықтан және ыстық түскі ас сатып алу мүмкіндігінің жоқтығынан дәрігерлердің тез дайындалатын кеспе жейтіні жайлы бөліскен кезде пайда болды. Сол сәтте ақша жинап, №1 және 2 қалалық ауруханаларға ыстық тамақ, сонымен қатар, шайға арналған кішкене десертке тапсырыс беру идеясы пайда болды, – дейді акция қатысушысы Сандуғаш Құрманалиева.
Тұрғын үй кешенінің тұрғындары дәрігерлерге көмектесу акциясы тұрақты сипат алады деп ойламаған.
Бастамамыз туралы білген адамдар хабарласып, қалай көмектесуге болатынын сұрай бастады. Бейжай қарамайтын қала тұрғындары мүмкіндігінше ақша аударды: біреуі мың, ал кейбіреулер 50-100 мың теңге. Тамақтандыру орындарының акциясына қосылдық. Осыдан кейін тағы бірнеше аурухананы ыстық тамақпен қамту туралы ұсыныстар түсе бастады. Осылайша, акция кең етек алды, – деп жалғастырды Құрманалиева.
Блогерлер акция туралы білгеннен кейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен, тіпті шетелден келген тұрғындар қаражат жинауға қосылды. Азаматтардың ұйымшылдығы арқасында еріктілер елорда емханаларының дәрігерлеріне күніне 250-300 ыстық тамақ жеткізеді.
Қазіргі уақытта біз алты ауруханаға тамақ жеткіземіз: №1, 2, №2 облыстық аурухана, 40-стансадағы көпсалалы орталық, №1 ауруханадағы акушерлік блок және Теміржол ауруханасы. Мейрамханаларда ыстық тамақ пен десерттерге тапсырыс береміз. Бұрын такси арқылы жеткізетінбіз, бұл - қосымша шығын. Бірақ қазір жеткізілімге еріктілер көмектеседі. Мұндай акциялар бүкіл Қазақстан бойынша жалғасын табады деп сенеміз, – деді Сандуғаш Құрманалиева.
№1 қалалық аурухананың қабылдау бөлімінің дәрігері Самал Елубаева әріптестерінің атынан алаңдаушылық танытқан азаматтарға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.
Күн сайын біз көптеген науқасты қабылдаймыз. Үй жұмысымен айналысуға, балалармен сөйлесуге уақыт жоқ. Сондықтан мұндай көмек біз үшін өте маңызды, – дейді ол.
Бұған дейін акцияның бастамашылары дәрігерлерге тамақты такси арқылы жеткізген. Бұл қосымша шығын болатын. Қазір оларға еріктілер көмектесуде.
Елорданың бір топ тұрғыны дәрігерлерге тамақ сатып алады. Біз, еріктілер емханаларға жеткізуге көмектесеміз. Бірлесіп жақсы істер жасауымыз керек, – дейді ерікті көмекші Сұлтан Аллабергенов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қашықтан оқыту – уақыт талабы
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы