Елордалық тәртіп сақшылар мұқтаж жандарға азық-түлік себетін таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құқық қорғау органдары қызметкерлері "Біз біргеміз" акциясы аясында азық-түлік себеттерін таратты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Ішкі істер министрлігі, тергеу бөлімі, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің фронт-кеңсесі қызметкерлері "Біз біргеміз" бастамасына үн қосып, тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне барды. Акция елорда әкімдігінің қолдауымен өтті. Науқан аясында полиция қызметкерлері мен Президент Әкімшілігі фронт-кеңсесі 30 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себетін дайындады. 
Қалалық еріктілердің атсалысуымен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Азық-түлік себеттерін тарату кезінде барлық қауіпсіздік шаралары сақталды. Себетте ұн, қарақұмық, макарон, көкөніс сынды қажетті азық-түліктер салынған, - дейді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Айта кетсек, "Біз біргеміз" акциясына елордалық кәсіпкерлер қатыстып, 70-ке жуық отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себеттерін таратты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы