Елордалық саябақта стритболдан турнир өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10-11 тамызда елордада Орталық саябақта стритболдан «Nur-Sultan Cup» жарысы өтеді, деп хабарлады қалалаық мәдениет және спорт басқармасы.

Жарыста ниет білдіргендердің барлығы бақ сынай алады. Әр команда 4 ойыншыдан, алаңда 3 ойыншы, біреуі қосалқы ойыншытұруы тиіс. Әр санатта жүлделі орын алған үш командаға "Nur-Sultan Cup" турнирінің жеңімпазы атағы беріліп, кубоктар, дипломдар мен медальдар табысталады. 

"Жарыстың шарты бойынша 8 тамызға дейін "18-23 жастағы жасөспірімдер" және «23 жастан асқан ерлер» санаттары бойынша play.fiba3x3.com міндетті түрде тіркелу керек. Басқа қатысушылар 10 тамызда сағат 09.00-де жарыс алаңында өтінім бере алады", - делінген таратылған ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы