Елордалық ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне орай 519 мың теңгеден алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Ұлы Отан соғысының 71 ардагері тұрады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ардагерлер және мүгедектермен жұмыс бөлімінің басшысы Гүлзада Жекебаеваның мәліметінше, Ұлы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеу аясында астанада ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген жандарға жалпы сомасы 402 888,9 млн теңгені құрайтын әлеуметтік көмек қарастырылған.

«Ұлы Отан соғысының 71 қатысушысы 519 мың теңгеден алады;  Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген 332 адам 22 725 теңге алады;   соғысқа қатысушыларға берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген өзге санаттағы 3 519 адам 11 363 теңгеден алады», – деді Гүлзада Жекебаева.

Соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай өтемақы қарастырылған. Өтемақы 1 609 адамға беріледі. Оның жалпы сомасы 127 054 мың теңгені құрады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген 2 700 адамды дәрімен қамтамасыз етуге жалпы сомасы 33 500 мың теңге қарастырылған. 71 адам (жалпы сомасы 1 214,5 мың теңге) мерзімді басылымдарға, моншаға және шаштараз салондарына бару үшін әлеуметтік көмек алады.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарға арналған санаторий-курорттық емдеумен 395 адам қамтылады (60 830 мың теңге). Г. Жекебаеваның айтуынша, Ауғанстаннан әскерді шығарудың 30-жылдығына орай қосымша Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушылардың қатарынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге жеңілдіктер мен қосымша әлеуметтік көмек көрсетілді. 30 мың теңге көлеміндегі төлемді 1 264 адам алды.

Одан бұрын 1 267 адамға 28792,6 мың теңге төленді, сондықтан интернационалист жауынгерлердің жыл сайын алған әлеуметтік көмек есебімен қоса есептегенде жалпы сомасы 52725 теңгені құрады. Бұдан басқа, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүруге және тегін тіс протездеуге құқылы.  
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы