Елордалық хоккей мектебінің спортшылары ұлттық құрама құрамына алынды
Астана, BAQ.KZ. Астана қаласы әкімдігінің №10 Мамандандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің үш шәкірті шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының құрамында өнер көрсететін болды. Бұл туралы қалалық Мәдениет және спорт басқармасынан хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін мектеп спортшылары ұлттық құрамада болмаған және еліміздің атынан беделді халықаралық жарыстарға қатыспаған.
2004 ж.т. Дмитрий Бреус, Темірлан Китаров пен Игорь Доронин «Азия балалары» халықаралық турнирі аясында 8-17 ақпан аралығында Оңтүстік Сахалинск қаласында өтетін ойындарға қатысады. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, турнирде Вьетнам, Гонконг, Индонезия, Иордания, Қазақстан, Камбоджа, Монғолия, Непал, Пәкістан, КореяРеспубликасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Тәжікстан, Таиланд, Түркменстан, Филиппины, Жапония мемлекеттерінің, сондай-ақ Мәскеу қаласының, Татарстан, Башқұртстан, Саха (Якутия) Республикаларының, Қиыр Шығыс, Сібір және Урал федералды округтарының спортшылары шеберлік байқасады. Жарыс биатлон, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, хоккей, сноуборд, тау-шаңғы спорты, конькимен жүгіру спорты (шорт-трек) жәнетрамплиннен шаңғымен секіру сынды 8 спорт түрінен өтеді.