Елордалық ХҚКО-лардың жұмыс уақыты ұзарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері А. Шағалтаеваның шешімімен елордалық ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді.
Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚКО-лар қызмет алушыларды дүйсенбі-жұма күндері 09.00-ден 20.00-ге дейін қабылдайтын болады. Дегенмен, құжаттандыру бөлімі (жеке куәлік, паспорт) жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ге дейін қызмет көрсетеді.Авто ХҚКО-лар да құжаттар жұмыс және сенбі күндері 09.00-ден 18:00 -ге дейін қабылданса, дайын құжаттар 09.00-ден 20.00-ге дейін берілетін болады, - делінген хабарламада.Сондай-ақ, әлі де карантин жағдайы сақталғандықтан, ХҚКО-да алдын-ала брондау арқылы және тек қана қағаз жүзінде ұсынылатын қызметтер көрсетіледі. Қызмет алушылар ХҚО-ға келуін egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.
"Азаматтарға арналған үкімет" Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, электрондық қызметтер жеңілдік терезелерінде зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен көп балалы отбасылардың мүшелеріне ғана көрсетіледі.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оқушының керек-жарағына мемлекет қанша теңге береді?
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы