Елордалық кәсіпкерлерді қаржылай қолдау басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлерін қаржыландыруды бастайды. Бұл туралы ұйымның Фейсбуктегі парақшасында хабарланды.

Кәсіп бастағыңыз келсе, оған қаржы жетпесе, онда жеңілдікпен несие беретін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына жүгінуге болады. 20 млн теңгеге дейінгі несие 5 жылға 6%-пен беріледі. Жылдық тиімді сыйақы ставкасы 6,7%-дан аспайды. Несие Нұр-Сұлтан қаласындағы акцизден басқа барлық бизнес түріне беріледі, - делінген ресми парақшада.

Ұйымның мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран даңғылы 19/1, Эдем бизнес орталығы, 3-қабат.

Алдын ала кеңес алу телефон нөмірлері: 8 700 222 0450, 8 702 437 83 81, 8 701 555 7124.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы