Елордалық балалар мерекемен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасөспірімдер "Бәріміз теңбіз, біргеміз" әнімен қазақстандықтарды мерекемен құттықтады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Бейбітшілік және Келісім сарайының "Туған жер" шығармашылық студиясы оқушылары қазақстандықтарға ерекше сый жасады. Әр жастағы түрлі ұлт өкілдері "Бәріміз теңбіз, біргеміз" әнін бірге орындады. Ән авторлары – Анастасия Чеважевская және Лиза Васильева.
Біз Қазақстан халқына ерекше құттықтау жолдағымыз келді. Мәтінінде біз ұлтымызға, ұстанатын дінімізге, түр-түсімізге қарамастан, бәріміз теңбіз делінген ән арнадық. Біз Қазақстанның ұлттық және діни ерекшеліктерге қарамай, халықты бірлікке шақыру саясатын жалғастырғанын қалаймыз. Барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен келісім тілейміз, - деді "Бебітшілік және Келісім сарайы" МКҚК директоры Дилбар Амирова.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – мемлекеттік мереке, ол 1996 жылдан бастап атап өтіле бастады. 1995 жылы 18 қазанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы